МаксиГриппин® для детей (Натур Продукт Фарма Сп.з.о.о.)

МНН: Аскорбиновая кислота, Парацетамол, Хлорфенамина малеат
Производитель: Натур Продукт Фарма Сп.з.о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023530
Информация о регистрации в РК: 13.02.2023 - 13.02.2033

Инструкция

Саудалық атауы

МаксиГриппин® балалар үшін

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көпіршитін таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 250,00 мг парацетамол, 3,00 мг хлорфенамин малеаты,

50,00 мг аскорбин қышқылы

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лимон қышқылы, сорбитол, повидон, натрий сахаринаты, натрий карбонаты, макрогол, кремнийдің қостотығы, «Қызыл жемістер» хош иістендіргіш жеміс қоспасы.

Сипаттамасы

Бей-берекет орналасқан ақшылдау және қоңырлау теңбілдері бар қызғылт түсті, жиегі қиғашталған және бір жақ бетінде сызығы бар жалпақ, дөңгелек, жеміс иісті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Анальгетиктер. Басқа анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол, біріктірілімдері, психолептиктерді қоспағанда. АТХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол пероральді түрде қабылданғаннан кейін тез және толық дерлік (95%) сіңеді, қан плазмасында ең жоғары концентрациясына қабылдағаннан кейін 0,5-2 сағат ішінде жетеді. Биожетімділігі 80%-ға жуықты құрайды, плазма ақуыздарымен байланысуы – 20%, жартылай шығарылу кезеңі – 1-4 сағат. Парацетамол, негізінен, бауырда метаболизденеді, метаболиттері көбіне несеппен бірге шығарылады.

Хлорфенамин пероральді түрде қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді, сіңу деңгейі 80% құрайды, ең жоғары әсері 1-2 сағат ішінде басталады, және 4-тен 6 сағатқа дейін созылады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу деңгейі 45% құрайды. Хлорфенамин көбіне бауырда метаболизденеді, өзгермеген препарат және оның метаболиттері несеппен бірге шығарылады, жартылай шығарылу уақыты – 30 сағат.

Аскорбин қышқылы асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Сіңгеннен кейін С дәрумені қанға тез өтеді және организмнің барлық тіндеріне таралады. Тіндердегі, лейкоциттердегі және тромбоциттердегі С дәруменінің концентрациясы қан плазмасындағы және эритроциттердегі оның концентрациясынан он есе артық болады. Шығарылуы өзгермеген күйінде және метаболиттер түрінде несеппен жүзеге асырылады. Ішке физиологиялық дозаларда қабылдаған кезде негізгі метаболиті қымыздық қышқылы (55%) болып табылады.

Фармакодинамикасы

МаксиГриппин® – біріктірілген препарат, ауыруды басатын, қызуды түсіретін әсер береді, суық тиюден болған ауруларда және тұмауда жас ағу, мұрынның бітелу симптомдарын қайтарады, жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ісінуін азайтады.

Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамуста простагландиндердің синтезін басу жолымен ауыруды басатын және қызуды түсіретін әсер береді. Қабынуға қарсы белсенділігі әлсіз.

Хлорфенамин малеаты Н1 гистаминді рецепторлардың блокаторы болып табылады. Аллергияға қарсы әсері бар, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының ісінуін азайтады, жас ағуды және мұрынның бітелуін жояды.

Аскорбин қышқылы (С дәрумені) әдетте суық тиюге қарсы компоненттердің біріктірілімін қамтып, суық тиюді қоса вирус ауруларында С дәруменінің жоғалуының орнын толтырады. Аскорбин қышқылы антиоксиданттарға жатады, көптеген метаболизмдік үдерістерге, соның ішінде көмірсулардың, ақуыздардың және липидтердің алмасуларына қатысады. Аскорбин қышқылы иммундық жүйенің функциясын сақтау үшін қажет, қантамырлардың өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, тотығу-тотықсыздану үдерістерін, коллагеннің синтезін және тіндердің регенерациясын реттеуге қатысады, гистаминнің босап шығуын тежейді және ыдырауын тездетеді, простагландиндердің және қабынудың басқа медиаторларының синтезін және анафилаксияны бәсеңдетеді.

Қолданылуы

- температураның жоғарылауымен, қалтыраумен, бас ауырумен, буындар мен бұлшықеттердің ауыруымен, мұрынның бітелуімен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді және тұмауды симптоматикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға. 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 рет 1/2 таблеткадан. 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан. 10-нан 15 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2-3 рет 1 таблеткадан. Таблетканы бір стақан (200 мл) жылы (50-600С) суда толық еріту және алынған ерітіндіні бірден ішу керек. Препаратты тамақ ішу арасында қабылдаған жақсырақ. Тәуліктік ең жоғары доза – 3 таблетка. Препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағат болуы тиіс.

Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрауы тиіс.

Ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындағанда дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы 5 күннен аспайды және қызуды түсіретін дәрі ретінде тағайындағанда 3 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыру, шаршау сезімі, зейін қоюдың бұзылуы, бас айналу, қажығыштық

- жүректің айнуы, эпигастральді аймақтың ауыруы, анорексия, диспепсия, құсу

- гипогликемия

- анемия, гемолиздік анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшы болатын пациенттерде)

- тері бөртпесі, қышыну, Квинке ісінуі, анафилактоидтық реакциялар, жарыққа сезімталдық

- қызуды сезіну, ауыздың кеберсуі, ұйқышылдық

- депрессия, сананың шатасуы, қозу, ашушаңдық

- құлақтың шуылдауы

- тахикардия, аритмиялар

- гипотензия

- бұлшықеттің әлсіздігі, бұлшықеттің құрысулары

- көрудің бұлыңғырлануы

- бронхиальді секреттің қоюлануы

- үйлесімнің бұзылуы

- гепатит, сарғаю

- эксфолиативті дерматит

- несептің іркілуі

- гемолиздік анемия

- түнгі қорқыныштар

Жалпы бұзылулар болуы ықтимал: кеудеде кернеу сезімі, әсіресе балаларда пародоксальді қозу.

Препараттың барлық жағымсыз әсерлерін дәрігерге мәлімдеп отыру керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамолға, аскорбин қышқылына, хлорфенаминге немесе препараттың басқа да компонентіне жоғары сезімталдық

- құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау

- соңғы 14 күн ішінде МАО қабылдап жүрген немесе қабылдаған пациенттер

- асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жара зақымданулары (өршу фазасында)

- бүйрек және/немесе бауыр функциясының айқын жеткіліксіздігі

- маскүнемдік

- жабық бұрышты глаукома

- қуықасты безінің гиперплазиясы

- гипероксалурия

- 3 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен: бүйрек және/немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, туа біткен гипербилирубинемиялар (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротар синдромы), вирус гепатиті, алкогольдік гепатит, егде жас.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МаксиГриппин® препаратын мыналармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

- құрамында парацетамол бар басқа препараттармен, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілермен: антидепрессанттармен, паркинсонға қарсы дәрілермен, психозға қарсы дәрілермен (фенотиазин туындылары) бірге – жағымсыз әсерлердің (несептің іркілуі, ауыздың кеберсуі, іш қатулар) даму қаупі ұлғаяды, амфетаминдермен және трициклді антидепрессанттармен бірге – өзекшелік кері сіңуі азаяды.

- глюкокортикостероидтармен бірге – глаукоманың даму қаупі артады

- изопреналинмен біргеоның хронотроптық әсері азаяды

- дифлунисалмен бірге қан плазмасында парацетамолдың концентрациясы 50%-ға жоғарылайды, оның гепатоуыттылығы күшейеді

- барбитураттармен бірге – парацетамолдың белсенділігі төмендейді, аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы күшейеді

- микросомальді тотығу тежегіштерімен (фенотоин, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, трициклді антидепрессанттар, циметидин) бірге – гепатоуытты әсер ету қаупі жоғарылайды

- ұйықтататын дәрілермен немесе транквилизаторлармен бірге – седативті әсері күшейеді

- МАОт антихолинергиялық әсерлерін күшейтеді

- этанолмен бірге – антигистаминді препараттардың седативті әсері және парацетамолдың жағымсыз әсерлері күшейеді (жедел панкреатит дамиды).

Парацетамол урикозуриялық препараттардың тиімділігін төмендетеді, ал зидовудинмен бір мезгілде қолданғанда олардың уыттылығын арттырады (гранулоцитопения).

- холестирамин парацетамолдың сіңу жылдамдығын төмендетеді, бұл ауыруды басатын әсерінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін

- варфарин парацетамолмен бірге варфариннің әсерін күшейтеді және қан кетулер қаупін арттырады

- парацетамолды хлорамфениколмен бірге қабылдаған кезде соңғысының плазмадағы концентрациясы жоғарылайды

-метоклопрамид пен домперидон парацетамолдың сіңу жылдамдығын арттырады

Аскорбин қышқылын мыналармен бір мезгілде қолданғанда:

- пенициллинмен бірге – оның сіңуі артады

- гепаринмен және әсері тікелей емес антикоагулянттармен (варфаринмен) бірге – олардың әсері бәсеңдейді

- салицилаттармен бірге – кристаллурияның пайда болу қаупі артады

- пероральді контрацептивтермен бірге – қан плазмасында аскорбин қышқылының концентрациясы азаяды

- темір препараттарымен бірге – темірдің сіңуі жоғарылайды, ол оның уыттылығының жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін

- ацетилсалицил қышқылымен бірге – аскорбин қышқылының сіңуі азаяды.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылғаннан едәуір артық дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда қанның шеткері көрінісін бақылау қажет, бауыр мен бүйрек функцияларының бұзылу ықтималдалығы жоғарылайды.

Парацетамол және аскорбин қышқылы зертханалық зерттеулердің (қан плазмасындағы глюкозаның және несеп қышқылының мөлшерін, билирубинді, «бауырлық» трансаминазалар белсенділігін анықтау) көрсеткіштерін бүркемелеуі мүмкін.

Бауырдың уытты зақымдануына жол бермеу үшін алкоголь ішімдіктерімен біріктірмеген, сондай-ақ алкогольді созылмалы пайдалануға бейім адамдардың қабылдамағандары жөн. Бауыр зақымдануының даму қаупі алкогольдік гепатозы бар науқастарда ұлғаяды.

Препараттың құрамында хлорфенамин малеаты бар болғандықтан, МаксиГриппинді эпилепсия, глюкозаны қоса көзішілік қысымның жоғарылауы, қуықасты безінің гипертрофиясы, ауыр гипертензия немесе жүрек-қантамыр аурулары, бронхит, бронхоэктазия, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі сияқты ауруларда абайлап қолданған жөн. Балалар неврологиялық антихолинергиялық әсерлерді және парадоксальді қозуды басынан жиі кешіреді.

Тез пролиферацияланатын және қарқынды түрде метастазданатын ісіктері бар пациенттерге аскорбин қышқылын тағайындау үдеріс барысын үдетуі мүмкін. Организмінде темір мөлшері жоғары болатын пациенттер аскорбин қышқылын ең төмен дозаларда қабылдауы керек. С дәруменінің жоғары дозалары қандағы жасырын қанға талдау жасағанда жалған теріс көрсеткіштер беруі мүмкін.

Препарат құрамында бір таблеткаға 740,00 мг натрий гидрокарбонаты бар, диетада отырған натрий мөлшері бақыланатын пациенттерде ескерілуі тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: тері жабындарының бозаруы, анорексия, жүректің айнуы, құсу; гепатонекроз (некроздың айқындылығы артық дозалану дәрежесіне тікелей байланысты). Ересектерде препараттың уытты әсері 10-15 г-дан астам парацетамолды қабылдағаннан кейін болуы мүмкін: «бауырлық» трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, протромбинді уақыттың артуы, бауырдың зақымдануының толық клиникалық көрінісі 1-6 күннен кейін білінеді. Сирек – бауыр функциясының бұзылуы шұғыл түрде кенеттен дамиды және бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне (тубулярлы некроз) асқынуы мүмкін. Бел аймағының ауыруымен, гематуриямен және протеинуриямен жедел тубулярлы некрозымен бірге бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі бауырдың күрделі зақымданулары жоқ болғанның өзінде дамуы мүмкін. Сондай-ақ жүрек ырғағының бұзылу және панкреатит жағдайлары жөнінде де мәлімделді. Хлорфенаминнің артық дозалану көріністері де: бас айналу, қозу, ұйқының бұзылуы, депрессия, құрысулар, уытты психоз, апноэ, дистониялық реакциялар және, аритмияны қоса жүрек-қантамыр коллапсы да болуы мүмкін. Аскорбин қышқылының көбірек дозалары диареяны және бүйректе оксалат тастарының түзілуін туындатуы мүмкін. Ұзақ кезең бойы аскорбин қышқылын көбірек пайдалану бүйрек клиренсінің артуына әкелуі мүмкін. 600 мг-ден көбірек доза несеп айдайтын әсер беруі мүмкін.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау керек. Әрі қарай емдік шараларды емдеу мекемелерінде жүргізген жөн: SH-тобының донаторларын және глутатион – метионин синтезінің ізашарларын артық дозаланудан кейін 8-9 сағаттан соң және N-ацетилцистеинді 12 сағаттан соң енгізу керек. Симптоматикалық және демеуші шараларды қабылдаған кезде жүрек, тыныс алу, бүйрек және бауыр функцияларына, сондай-ақ су-тұз теңгеріміне ерекше көңіл бөлген жөн. Пероральді артық дозалану жағдайында белсендірілген көмірмен емдеуді оны қолдануға қарсы көрсетілімдері жоқ болғанда, және артық дозалануға көп уақыт өте қоймаған жағдайда қарастыру керек (емдеуді препарат пероральді түрде қолданылғаннан кейін бір сағат ішінде жүргізу өте тиімдірек болады). Гипотензияны және аритмияны мүмкіндігінше тезірек емдей бастаған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көпіршитін таблеткалар

Пластик пеналға 10 таблеткадан немесе баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 6 таблеткадан салынған.

1 пенал немесе пішінді ұяшықсыз 5 қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Натур Продукт Фарма Сп.з.о.о.,

Подсточиско 30, 07-300, Острув Мазовецка,

Польша

Тіркеу куәлігін ұстаушы

«ВАЛЕАНТ» ЖШҚ, Ресей, Мәскеу

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

«Валеант» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй,

4Б блогы, 1104 кеңсе

Телефоны: + 7 727 3 111 516, +7 727 329 00 45, факс +7 727 3 111 517

Электрондық пошта: office.kz@valeant.com

Прикрепленные файлы

МаксиГриппин_дети.т_._каз_.doc 0.09 кб
МаксиГриппин_для_детей_рус.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту